Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасы меншік нысанына қарамастан еліміздің барлық білім беру ұйымдарында енгізілді. Реабилитациялық орталықта «Адал азамат» бағдарламасы тәрбие жұмысының негізгі платформасына айналды.
«Адал азамат» тәрбие бағдарламасы аясында орталықта тәрбиеленушілердің адалдық, жауапкершілік, еңбекке құрмет және белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыруға бағытталған жүйелі жұмыс жүргізілуде.
2026 жылдың қаңтар және ақпан айларында «Өрт сөндіруші», «Мен дәрігермін», «Мен құрылысшымын», «Мен зерттеушімін» тақырыптарында іс-шаралар өткізілді. Бұл сабақтар мамандықтардың маңыздылығын түсіндіруге, әлеуметтік жауапкершілікті, еңбекке құрметті және табиғатқа ұқыпты қарауды қалыптастыруға бағытталды.
Ақпан айында «Өнерліміз – өркенбіз» атты балалар мен ата-аналардың бірлескен сәндік-қолданбалы өнер көрмесі ұйымдастырылды. Сонымен қатар ұлттық үстел үсті ойындары өткізілді, олар балаларды мәдени мұраға баулуға, логикалық ойлауын және коммуникативтік дағдыларын дамытуға ықпал етті.
Өткізілген іс-шаралар тәрбиеленушілердің адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға бағытталып, «Адал азамат» бағдарламасының мақсаттары мен міндеттеріне толық сәйкес келеді.





